Ноутбук пен әшекей бұйымдарын ұрлап кетті

281

Ағымдағы жылдың қаңтар айында Қазығұрт ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, оның үйінен 150 мың теңгеге бағаланатын ноутбук пен әшекей бұйымдарын белгісіз адамдардың қолды еткендігін айтады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188 «ұрлық» бабымен СДТТБТ-не тіркелді. Полицейлерге осыған ұқсас арызбен бірнеше жәбірленушілер арызданған.

Жедел-іздестіру шараларының аясында Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлері Шымкент қаласының тұрғыны болып табылатын күдіктіні құрықтады. Тексеру барысында жас жігіттің 10-нан астам бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысына қатысы бар екендігі анықталды. Полицейлердің айтуынша үйұрысы жәбірленушілердің үйіне есік пен терезені бұзып кіру арқылы, ноутбуктер мен түрлі бағалы заттарды, әшекей бұйымдарды жымқырып отырған. Келтірілген шығынның көлемі 800 мыңға жуық теңгені құрап отыр.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша «ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Айғақты зат ретінде алынған мүліктер заңды иелеріне қайтарылды. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға үйлері мен заттарын қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді. Пәтер ұрлығы орын алмас үшін сыртқы есік терезелеріңізді темірмен немесе темір тормен жабдықтап, құлпын бекітіп қою, сондай-ақ, үйлеріңізге дабыл қаққышты орнатып, кіреберіске бейнекамера орнатудың маңызды екендігін айтады.

Егерде сіз қандайда бір қылмыстық оқиғаның құрбаны немесе куәгері болсаңыз тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз.

Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі