Болашақта салынатын оңтүстік айналма жолындағы көпірдің құрылысы уақытша тоқтап тұр. Бадам өзенінің үстінен өтетін көпірдің ұзындығы 222 метр, ені 21 метрді құрайды.
Құны 1 млрд. 161 млн. теңге болатын бұл нысанның құрылысы 2018 жылы басталған. Мердігерлер республикалық бюджеттен бөлінген 350 млн. теңгені игеріпті . Сала мамандарының айтуынша оңтүстік айналмалы жолының маңызы үлкен. Ол Алматы бағытынан келетін көліктердің қалаға кірмей айналып өтуіне мүмкіндік береді .Көпір құрылысы үстіміздегі жылдың соңында қолданысқа берілмек
Бұдан бөлек құрылысшылар көпір маңындағы жолды да төсеп жатыр. Оның ұзындығы 700 метрді құрайды .Жалпы бұл Ташкент бағытына қарай көліктердің кедергісіз жүріп тұруы үшін салынып жатқан үшінші көпір.
Нұрлан Күдерұлы