Шымкенттегі 4-ші шағынауданға апаратын Бәйдібек би көшесін самсаханалар орталығы деуге болады. Мұнда дәмхана, тойхана, самсахана дегендеріңіз самсап тұр.
Тастың үстіне шыққан мүктей қаптап кеткен сауда нүктелеріне қарсы шағынаудан тұрғындары қарсы «майдан» ашты. Жуырда Абай ауданы әкімінің қабылдауында болған 4-ші шағын аудан тұрғындары аталған сауда орындарына қатысты шағымданған болатын.
Осыған сәйкес, жуырда Шымкент қаласының құрылымдық басқармалары мен Абай аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, Байдібек би көшесі бойындағы ретсіз сауда орындарына рейд жүргізді.
«Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 204 бабына» сәйкес 5 кәсіпкерге айыппұл салынып, заңсыз жарнамалар мен заңсыз сауда орындары жойылды.