Қол күрестен қаламызда басталған Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. 300 –ден астам білектіні жинаған жарыс 3 күн бұрын басталған еді.

Бәсекеге қатысушылар еліміздің 17 аймағынан жиналды. Ал, қазақстандық қол күрес шеберлерінің өнерін тек шымкенттіктер емес, Америка мен Малайзиядан келген арнайы қонақтар да тамашалады.

Сонымен Азия біріншілігіне іріктеуде шардаралықтар командалық есепте жеңіске жетті. Өңір қоржынында 8 алтын, 7 күміс және 4 қола бар. Енді жеңіске жеткен спортшылар сары құрлықтық сайыста сынға түсетін болады. Бәсеке Қырғызстан мемлекетінде жалауын көтермек.

Назерке Үкібасова