Шымкент қаласы Полиция департаменті жыл басынан Алматы Академиясы мен Қарағанды Академиясының 32 жас түлегін жұмысқа қабылдап, ішкі істер органдары қатарын толықтырған.
Жаңадан жұмысқа қабылданған жастарға арнайы үздік қызметкерлерден құралған тәлімгерлер тағайындалған. Олар жас мамандарға алғашқы еңбек жолын бастауға жол көрсетіп, оларға тәртіп сақшыларының күнделікті қиын да қызықты жұмысын жақынырақ тануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жас қызметкерлерге Полиция департаментінің тарихын баяндайтын мұражай экспонаттарымен танысу іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда жаңадан құрылған Шымкент қаласы полиция департаментінде жас мамандардың саны 800-ге жуық.
«Алдағы уақытта бұл көрсеткіш арта түсетініне сенімдіміз. Осылайша Елбасы тапсырмасын тек сөзбен ғана емес, іс жүзінде де жүзеге асырып отырмыз деп айта аламыз»- деп хабарлайды Шымкент қалалық ПД Баспасөз қызметі.