Жерүсті өткелінің Мангелдин көшесінен өтетін бөлігі бүгін орнатылды

Шымкентте Мангелдин көшесінде жерүсті өткелінің бір бөлігі орнатылды. Бүгін Темірлан тас жолындағы Землячка өткелі мен Мангелдин көшесі аралығында жол қозғалысы  уақытша тоқтатылды. Себеп, жер үсті өткелін салып жатқан құрылысшылар Мангелдин көшесінен өтетін  темір конструкциясын орнатты.

Темір көпір орнатылды

«Дормаркет» ЖШС-і мамандарының айтуынша, бұл күрделі темір өткелінің салмағы 56 тонна. Сондықтан да, оны орнату барысында  барлық қауіпсіздік шаралары сақталды.

Жол полициясы қозғалысты реттесе, коммуналдық қызмет, қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары  басқармасының  мамандары   құрылыс басында болып, сақтық шараларын қамтуға тырысты.

Айта кету керек, темір көпірді орнату үшін арнайы техника, мердігер мемекенің 20 маманы жұмылдырылды. Жұмыс барысын бақылағандар құрылысшылардың жұмысын жоғары бағалады «Күрделі конструкциялы  темір көпірді  дәлме дәл орнықтырды, жарайсыңдар» дегендер көп.

Айта кететін жәйт,  Темірлан тас жолы мен Мангелдин көшесі қиылысындағы жер үсті өткеліне тапсырыс берген қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы. Темірлан тас жолында қозғалыстың тым жоғары екенін ескерген басқарма  жерүсті  өткелінің  бір бөлігін орнату жұмыстарын жексенбі күнге  жоспарлапты, яғни 10 ақпанға.

Қалалықтардың қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан шара болғандықтан, қоғамдық көлік жүргізушілері түсіністік таныттты. Алайда,  жергілікті билікке айтары да бар: «Келесі жолы мұндай жұмыстар жүргізілсе, көлік компанияларының басшыларын ескерту керек. Бағытқа шыққан бойда күрделікке тап болдық, қаладағы негізгі көшенің  бір шағын ғана бөлігі  жабылған еді. Бізге айналып кестеден ауытқуға тура келді дейді».

Былтыр осы өткел жұмыстарына қатысты қалалық Шымкент қалалық долаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқарамасының басшысы Абай Тұрханов: «Құрылысты 2016 жылы бастағанбыз. Құрылыс жұмыстарының баяу жүруіне  Темірлан тас жолы мен Мангелдин көшелері қиылысында жер астындағы коммуникациялары өз септігін тигізді. Оларға зақым келтірмеу үшін,  тиісті мекемелермен  жұмыс жүргізілді. Бұл да уақытты алды. Құрылыстың барысында жобалық – сметалық құжатқа өзгерістер енгізілді. Оған  тұрғындардан  түскен арыздар негіз болды. Осындай арыз шағымдарды ескеріп, эскалатор салатын болдық. Нысанның құны  бұрынғыдай 215 млн. теңге күйінде қалады. Мангелдин көшесінен жоспарланған жерүсті  темір конструкциясын орнату  желтоқсанда бітеді. Ал Темрілан Тас жолы бойынан өткел ақпан айына жоспарланды. Жалпы нысан 2019 жылдың шілдесінде пайдалануға тапсырылады» деген болатын.