Қоғамдық көлік жолаушыларына палау таратылды. Қасиетті жұма күні жүзеге асқан игі шараның ұйытқысы болғандар-Ізгіліктіктер.
Асанәлі Нұров, қала тұрғыны: «Қайырымдылық қорына рахмет. Осындай іс — шаралар көбейе берсе. Алла разы болсын!»
«Ізгілік» қайырымдылық қорының мүшелері тазалық үшін жанын қиған, көше сыпырушыға арнап та құран бағыштады. Арнайы жайылған дастарханға коммуналдық мекеме жұмысшылары шақыртылыпты. Таңғы асын ішпестен, шаһар көшелерін сыпырушылар марқайып қалды. Оларға ыстық тамақ беріліп, тегін киім-кешек таратылды.
Мұхтар Ташимов, «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қорының басшысы: «Бүгін марқұм Анар әпкемізді еске алу күні. Ол кісі «ЛТД» ЖШС-інде аула сыпырушы болып жұмыс жасаған. Әрі дәл осы күні нан тарату акциясын бастадық. Біздің мақсатымыз қоғамдағы азаматттарды көшені тазалайтын адамдардың жұмысына назар аударту. Бұл қызметкерлердің маңыздылығын түсіндіру».
Қайырымдылық шарасын ұйымдастырған «Ізгілік» қоры осыдан үш ай бұрын ашылған. Осы уақытқа дейін жағдайы төмен 300-ден аса азаматқа көмек көрсетіп үлгеріпті.
Қайырымды жандар мұндай сауапты істерді арнайы жұма күні өткізеді екен. Мұқтаж жандарға қол ұшын беретін қайырымдылық қорының негізгі демеушілері қала тұрғындарының өзі. Сізде олардың қатарынан табылуыңыз мүмкін. Ол үшін қыруар қаржының қажеті жоқ.
Шамаңыз келсе киім -кешек, азық -түлік сынды басқа да қажетті заттарды қорға өткізсеңіз болғаны. «Ізгілік» қайырымдылық қорының толық мекен-жайы: Елшібек батыр көшесі, 88.
Лаура Нақыпқызы