Мегаполисте алғаш рет ұйымдастырылған іс-шараға зал толы жастар қатысуға ниет білдірген. Жастар жылы аясындағы фестивальдің алғысөзін Шымкент қаласы əкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай сөйлеп, жастарға сəттілік тіледі.
Қатысушылар өз таңдауы бойынша 4 секцияға бөлінді: «IT», «Контент және медиа», «Кино және видео», «Кәсіпкерлік». Жүлде қорындағы «Shymkent» ӘКК» АҚ тағайындаған 2 млн. теңгені ұтып алу үшін қатысушылардың 24 сағат уақыты бар.
shymkent.gov.kz