Шымкентте велокросстан Қазақстан чемпионаты өтті

128

Шымкентте велокросстан Қазақстан чемпионаты өтті. Қыстың соңғы айында ауа райының қолайлы болғанын тиімді пайдаланған велошабандоздар бір күн бойына өзара чемпиондарын анықтады.

Жарысқа шымкенттіктер де қатысқан болатын. Алайда қоржынға алтын медаль салынбады. Нәтижесінде ерлер арасында Кирил Казанцов жеңімпаз атанды. Ол Азия ойындарының жүлдегері атанған болатын. Маутинбайктан Қазақстанның он дүркін чемпионы. Ал қыздар арасында шымкенттік Зарина Бикмаева қоладан алқа тақты.