Шымкентте сәулет басқармасы жанынан жаңа мемлекеттік-коммуналдық мекеме – «Шымкентплан» құрылды, деп хабарлайды elitar.kz. Жаңа құрылым қала көшелерінің барлығын сәулеттік тұрғыда ретке келтіруі тиіс. Штатта 26 адам жұмыс істеуде – олар дизайнерлер, топографтар және сәулетшілер.
Ұйымның басты мақсаты – жобалық жоспарларды дайындау. «Қызыл» сызықтарға түсетін учаскелер сайтта да көрсетілмек. Қалалық сәулет басқармасынан анықтаманы тұрғындар енді үйден шықпай-ақ ала алады. Сайтты жасаушылар цифрландыру нәтижесінде көптеген түйткілдер және учаскелерді сату-сатып алу барысындағы мәселелер шешіледі дейді. Бұған қоса сайтта нысанның мекенжайы мен, тіпті, мекенжай анықтамасын да алуға болады.