Шымкенттің кәсіпкерлері бюджетке 300 миллион теңге қарыз

253
фото Informburo.kz

Шымкентте кәсіпкерлер мемлекетке 300 миллион теңге қарыздар болып қалды. Қарыздардың басым бөлігі шағын және орта кәсіпкерлік салаларына тиесілі болып отыр.

Бюджетке берешегі барлардың басым бөлігі негізінен сауда-саттықпен айналысады. Олар азық-түлік, киім және құрылыс материалдарын сатады. Бұл туралы Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

Шымкент қаласының ондаған кәсіпкерлері салық берешегіне ие. Қалалық мемлекеттік кіріс департаментінде айтылғандай, борышкерлердің көпшілігі кедей адамдар емес. Олар көтерме және бөлшек сауда дүкендерін, құрылыс компанияларын және қызмет көрсету саласының құлағын ұстап отырғандар.

Бауыржан Омартаев, Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы: «Қарыз болудың басты себептерінің бірі — салық есептілігін толтыруды меңгермеуі болып отыр. Кейбір кәсіпкерлер құжаттарды дер кезінде тапсырудан кешіккен. МКД көмектесуге дайын, бізде мұндай құжаттарды дайындауға көмектесетін мамандар бар».

2018 жылы 56 мың 380 жеке кәсіпкер тіркелген. Қазынаға 3 млрд. 115 млн. теңге түскен. Дегенмен Шымкенттің кәсіпкерлері мемлекетке 300 миллион теңге қарыз болып отыр. Қарызданғандардың басым бөлігі шағын және орта бизнес өкілдері. Әрине, кәсіпкерлердің де шағымдары бар.

Жер қойнауын пайдаланушы Абуталип Ерімбетовтың пайымдауынша, тау-кен қазбалары мұнай-газ салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қарағанда бірнеше есе артық пайда түсіреді.

Абуталип Ерімбетов, жер қойнауын пайдаланушы: «Біз 35 ең төменгі көрсеткішті 0,04 пайызға көбейтеміз және әрбір кубтан әрқайсысы өзіндік құнына қарамастан, 96 теңге жаңа салық ставкалары бойынша алынады. Бұл дұрыс емес, құмның құны 300 теңге, 33% салықтың бір түріне жұмсалады, кіріс, әлеуметтік және тағы да басқа салықтар бар».

Кәсіпкер жер қойнауын пайдалану мәселесінің заңнамалық бөлігін қайта қарауды және тарифтерді төмендетуді сұрайды. Қатаң тиымдар заңсыз жұмысшылар санының артуына алып келеді. «Жер қойнауын пайдаланушылардың арасында адалдап нан тауып жүргендерді бұл банкроттыққа ұшыратады» деп есептейді.