Шымкенттік полицей пара алудан бас тартты

470

Шымкенттік полицей пара алудан бас тартып, қызметіне деген адалдығын дәлелдеді. Бұл жөнінде бүгін Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мәліметке сүйенсек, аталған жәйт 2019 жылдың 20-ақпанында Еңбекші аудандық полиция басқармасында орын алған-ды. Бұл қадам ҚР ҚК-нің 367-бабы «Пара беру» бойынша қарастырылады. Лауазымды тұлғамен Еңбекші аудандық полиция басқармасының полиция майоры Сұлтанов Жандос Айбарұлына 400 мыңға жуық теңге көлемінде өзінің өндірісіндегі алаяқтық істі қысқартуға ықпал ету үшін пара бермек болған.

Жандос Сұлтанов

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30-желтоқсандағы №1131 қаулысымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларына» сәйкес, 2019 жылдың 25-ақпанында Шымкент қаласы ПД Еңбекші АПБ Тергеу бөлімінің бастығы полиция майоры Ж. Сұлтановқа департамент басшылығы тарапынан қолдау көрсетіліп, ақшалай сыйақы түрінде марапатталды.

Ал қазіргі уақытта пара беру жайты бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР ҚК-нің 367-бабының 1 бөлігі «Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген лауазымды тұлғаның жеке өзіне немесе делдал арқылы пара беру…» бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Мөлдір Бекеева