Шымкенттіктер ұстаздарға алғыс айтты

388

1 наурыз — Алғыс айту күні қарсаңында Шымкентте басталған апталық бүгін «Ұстазға құрмет» күнімен жалғасын тапты.

Қалалық ассамблея қалалық оқушылар үйі және славян этномәдени бірлестігімен бірлесе ұстаздарға арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шараға құрметті, атақты ардагер ұстаздар шақырылып, сый-құрмет көрсетілді.

— Ұстаз – ұлт пен ұрпақ үшін қасиетті ұғым. Шәкірттерді білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда ұстаздардың еңбегі зор. Осыны ескеріп, Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында ардагер ұстаздарға алғыс білдіріп, ерекше ілтипат көрсетуді жөн санадық. Ұстаздарға құрмет – болашағымызға құрмет. Барша азаматтың өмір жолына жолдама берген абзал жандарға басымызды иіп, қандай құрмет көрсетсек те артық болмайды, — дейді қалалық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Наталья Романова.

Іс-шараға қатысқан ассамблея мүшелері, ардагер ұстаздар, мұғалімдер мен жастар оқушылар сарайының өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады.

Сондай-ақ осы бағыттағы іс-шаралар бүгін қалалық әзербайжан этномәдени бірлестігінің ұйымдаструымен М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ-де және қала аудандарында да жалғасын тауып, жастардың ұстаздармен кездесулері, мәртебелі мамандық жөнінде оқушылар арасында шығармалар байқауы өтті.