Шымкенттік судьялар латын әліпбиін үйренуді бастады. Тақта алдында диктант жазған олар арнайы курсқа қатысып жүр. Жаңаша жазу мен оқуға сот өкілдерін тілдерді дамыту орталығының мамандары дайындауда.

Айта кетейік, әдістемелік орталық қаламызда бірінші болып соттарды сауаттандыруға көшкен. 2 ай бойына латын харпін меңгерген қалалық мамандардан кейін, 11 ақпанда партаға қаратаулық соттар жайғаспақ.

Айнаш Туғанбаева, Шымкент қалалық тілдерді оқыту әдістемелік орталығының оқытушысы: «Қанатқақты жоба ретінде 2 айда меңгерте аламыз ба деген сұрақтың жауабын табу үшін жұмысты бастадық. Сондықтан алғашқы жұмысымызды қалалық сотпен бастап отырмыз. Қатысушылардың белсенділігі өте жоғары. Арасында әр түрлі жастағы қызметкерлер бар. Орта буын, аға буын және жастар бар. Соның ішінде жастар өте жылдам, 2 апта көлемінде меңгеруде».

Назерке Үкібасова