Түлкібас ауданында бір жыл ішінде 7 суицид оқиғасы орын алған. Жайсыз жағдайлардың барлығы да мектеп жасындағылар арасында болған. Оның екеуі аяқталған болса, қалған оқиғаларда жеткіншектер өлімге оқталып, өздеріне кісен салған. Бұл туралы аудан әкімі Нұрбол Тұрашбековтың есептік жиынында айтылды.

Мұндай суыт ақпарлар аудан әкімінің жыл бойына атқарған жұмыстарын бағамдау үшін арнайы келген Түркістан облысы әкімінің аппарат басшысы Әуелхан Тұрғынбековтің өзін алаңдатып қойды. Жергілікті билік өкілдері мен тәртіп сақшыларына жұмысты ширатуды тапсырған аппарат басшысы Түлкібас ауданында өзге де қылмыс түрлерінің белең алып отырғанын жайып салды.

Айтуынша, былтырғы жылы адам өлтіру оқиғасы, қарақшылық, ұйымдасқан қылмыс өршіп, жол көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар саны артқан. Аудан басшысы суицидті болдырмау мақсатында білім саласы мамандарымен бірлескен түсіндіру шаралары жанданып келеді деп сендірді.

Өз-өзіне қол жұмсау деректерінің себебін әлеуметтік мәселелермен байланыстырған әкім оқушылар арасында тәрбиелік-тағлымдық жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

Мақпал Рысбаева