Халық алдында есеп берген өңір басшысы өнеркәсіп, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы мен туризм саласы аясында шаруа дөңгелейді деп сүйінші сұрады. Республика бойынша ет эспорттаудан бірінші орынға шыққан Түркістан облысы түйе шаруашылығын да қолға алып, 20 мың тонна етті сыртқа шығарып, қаражатты еселеген. Енді шұбатты да брендтке айналдыру болашақ еншісінде тұр.
Жансейіт Қансейітұлы өз баяндамасында Түркістан облысы әкімінің жаңа іскерлік орталығы анықталып, 700 гектар жер белгіленгенін айтты. Қазіргі таңда оның 513 гектары мемлекеттің еншісіне қайтарылып, құрылыс басталып кеткен.
Осы мақсат бойынша Премьер-министрдің бірінші ооынбасары Асқар Мамин келгенде жаңадан салынатын нысандардың алғашқы кірпіші қаланғанын еске салды. Түркістан қаласында жүретін құрылысқа еліміздегі барлық қала, облыстар үлес қосатын болады. Мәселен, Қызылорда облысы шығыс моншасын сыйға тартпақ. Осы мақсатта көршілес аймақтың әкімі Қырымбек Көшербаев күні кеше келіп, құрылыстың бастапқы іргесін қалап кетті.
Шынар Оразова