Түркістан облысында 13 жасар қыз үйінен қашып кеткен

236

13 жасар қыз отбасылық жанжал кезінде үйінен қашып кеткен. Бұл жағдай Түркістан облысы, Шардара ауданында болған. Бұл туралы Түркістан облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабаралады.

2019 жылдың 26 ақпанында Шардара АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының отбасылық жанжал салдарынан үйден шығып, хабар ошарсыз жоғалып кеткенін және әлі күнге дейін оралмай отырғанын айтып хабарласқан.

13 жасар жоғалған қызды іздестіруге Шардара АПБ-нің барлық жеке құрамы мен Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалды полициясы жұмылдырылып, жан-жақты жұмыстар жүргізді. Жедел өкілдер жоғалған қыздың таныстары мен достарын сұрастырып жауап алды. Іздестіру шарасының нәтижесінде 13 жасар қызды оның жолдас құрбысында болғанын анықтады. Жоғалған қыз аман-сау ата-анасымен табысты.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға балаларына ұқыпты болуын, балалардың жоғалу себебі ата-ананың балаға салғырттық тәрбиесінен, олардың отбасындағы өзара түсінісбеушілікке жол берулері мен өтпелі жас аралығының қиындықтарына төзбеушілігінен орын алатынын айтады.