Түркістан облысының әкімдігі өрттен зардап шеккен отбасыға бір күндік жалақыларын аударды

589

Жуырда Астана қаласында болған қайғылы оқиға бүкіл елге ауыр тиді. Жұртшылық 5 қызынан айырылған отбасының қайғысын бөлісіп, көмек қолын созуда. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Түркістан облысы әкімінің аппараты мен басқарма қызметкерлері Ситерлер отбасына бір күндік жалақыларын аударатын болды.

Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев бұл орны толмас қаза екенін айтып, балапандарынан қапияда көз жазып қалған отбасымен бірге екендігін жеткізді. Сонымен бірге, облыста көпбалалы және жас отбасыларды қолдау бағытындағы жұмыстар күшейтілетінін жеткізді.

Бүгінде Түркістан облысында 134 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Батыр аналардың көптігі жөнінен де өңір көш басында. Мәселен, 19 мыңнан астам ана «Алтын алқа», 31854 ана «Күміс алқа» орденінің иегерлері. Ол отбасыларға мемлекет тарапынан жәрдемақылар мен тиісті қолдаулар көрсетілуде. Сонымен бірге, былтыр облыста ана өлімі 35,9 пайызға төмендеген.

Айта кетейік, бала туу көрсеткіші бойынша да Түркістан облысы республикада көш бастап тұр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі