Қазақстан картасында облыс атауы өзгергеніне көп уақыт бола қоймады. Ал күні кеше Түркістан облысының жаңа картасы жасалып біттті. Жаңа картада өңірдегі соңғы жаңалықтардың барлығы орын алған.
Бөлінген Келес және Жетісай аудандары жаңадан тарих парақтарын ашты. Жаңа құжатты онлай-режимде қолдануға болады. Түркістан аймағының бір мыңнан бес мыңға дейінгі көлеміндегі сандық саяси және әкімшілік картасын «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор» мемлекеттік кәсіпорны жасап шығарды.
Мұнда шекаралары өзгерген аудандардың орналасуын көруге болады. Ғарыштық суреттер материалдарын пайдалана отырып, топографиялық негізде жасалған жаңа картаны жасау кезінде осы ерекшеліктерді ескеру қажет болды. Баспа нұсқасы Түркістан облысының әкіміне сыйға тартылды.
Ал Интернетте «Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор» мемлекеттік кәсіпорнының — nkgf.kz сайтынан танысуға болады. Оны құрастырушылар қысқа мерзімде барлық атаулар латын әріптерімен жазылады дейді. Айта кетейік, авторлар оны жасау үшін 3 ай уақыт жұмсаған.
Наталья Боровинская, Ұлттық картографиялық- геодезиялық қорының сарапшысы: «Картаны жасау барысында елді — мекендердің мемлекеттік географиялық каталогындағы атаулары қолданылды. Барлық шекаралар жаңартылған. Жол жүйелері жаңартылған. Карта жалпы жалпы көпшілікке, әкімшілік қызметкерлеріне, аймақтағы барлық департамент басшыларына арналған. Қажет деп тапқандардың барлығына да қолжетімді».
».