Түркістанда 8 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр

158

Түркістанда 8 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр.

167 мың халқы бар Түркістан шаһарында бүгінде баспана кезегінде 2 160 бюджеттік сала қызметкерлері, 6 525  әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, жалпы 8 685 адам тұр.

Оларды баспанамен  қамтамасыз ету мақсатында былтыр «Отырар» шағынауданында 1536 пәтерлі 26 үйдің құрылысы басталған болатын.

Түркістанда құрылыс қарқын алған

Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаевтың айтуынша «биыл бірінші жарты жылдықта 11 үй, 9 үй екінші жарты жылдықта пайдалануға беріліп, кезектегі  азаматтар баспаналы болады».

Сонымен қатар, 336 пәтерлі 6 көпқабатты үйді Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасында» басымдық берілген «7-20-25» бағдарламасы аясында  ағымдағы жылдың  ортасында пайдалануға беру жоспарланыпты.

Айта кететін жәйт, қаланың іргесінде  «Түркістан-жаңа қала» тұрғын үй кешенінде де  құрылыс қарқын алған. Мұнда  бес қабатты 5280 пәтерлі 88 тұрғын үйдің құрылысы басталған.

«7-20-25» бағдарламасымен  2 үйді ақтөбелік компания,  алматылықтар 5- үй, жергілікті құрылыс компаниясы 2  көпқабатты  үйді салуды  жоспарлап отыр.

Шынар Оразова