Шымкентте қар жауып, күн суытты. Қардың қалыңдығы қалада  10 см-ге жеткен. Аяз Теріскейдегі Тасты  елдімекенінде сақталады. Онда ауа температурасы түнде -10-15 градусқа дейін төмендейді.

Дәл осындай температура  Төлеби ауданындағы Шуылдақ стансасында сақталады дейді синоптиктер. Таудың етегінде қардың қалыңдығы 1 метрге жеткен. Синоптиктердің болжамы бойынша келесі аптаның басынан ауа — райы қайта жылынады.

Әсем Нұрлыбаева, инженер-синоптик

Әсем Нұрлыбаева, инженер синоптик: «Ақпанның 22-25 аралығында Түркістан облысында жауын-шашын болмайды. Бүгін түнде облыс аумағында қар сақталады. Түнде ауа температурасы -2-7, кейбір жерлерде -10-15 градусқа дейін төмендейді.  Күндіз  термометрдің бағаны 0+5 градус жылылықты көрсетсе,  кей жерде -5 аяз сақталады.  25-ші ақпанда ауа температурасы +10+15 градусқа дейін жылиды».

Шынар Оразова