Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді

794

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев кезекті Жолдауында баға мәселесін өзі бақалауға алатынын айтқан болатын: «Бұл маңызды мәселе. Бағаның өсуіне ешқандай да жол бермеу керек. Әсіресе, Қазақстанда өндіріліп жатқан азық-түлік тауарларына баға өспеуі тиіс».

Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев аудан, қала басшыларына бірқатар тапсырма беріп, өңірдегі азық-түлік бағасы бақылауға алынған.
Мәселен, қазіргі таңда Түлкібас ауданында 6 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Олар халық көп шоғырланған Түлкібас, Састөбе, Балықты, Жабағылы, Жаскешу және аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылдарында орналасқан. Жалпы әлеуметтік дүкендер іске қосылғанына бір жылдан астам уақыт өткен. Мақсаты – халықтың аз қамтамасыз етілген топтарына азық-түлікті нарықтағы бағадан 15-20 пайызға арзандатып сату. Әлеуметтік дүкендерге ауылдық округ әкімдіктері елдімекендердегі аз қамтамасыз етілген жанұялардың тізімін өткізіп, сол тізімдегі азаматтар жеке куәлігімен азық-түлікті арзандатылған бағамен ала алады.

Бүгінгі таңда өнімдерді жеткізетін кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалып отыр. Сондай-ақ, өз өнімдерін нарық бағасынан төмен сатылуы қадағалануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі