Түркістан облысында есірткі контрабандасының 30 жайты анықталды

245

Өткен 2018 жылдың басынан бастап Түркістан облысында Түркістан облысының Полиция департаментінің тәртіп сақшылары өткізген жедел-алдын алу іс-шаралары аясында есірткі контрабандасының 30-дан астам жайты анықталды.

Мәселен, Сарыағаш ауданында полицейлер есірткі затын сақтау мен шекарадан жасырын өткізуге қатысы бар деген екі күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тексеру амалдарын жүргізуде. 2019 жылдың қаңтар айында Сарыағаш ауданының тәртіп сақшылары «Жібек жолы» шекара бақылау бекеті арқылы есірткіні заңсыз алып өтпекші болған Өзбекстан Республикасының жергілікті тұрғынын құрықтады. Ұсталған азаматты тексеру барысында гашишке ұқсас түйілген есірткі заты табылды. Сараптамаға сәйкес алынған заттың жалпы салмағы 6 грамнан аса гашиш екендігі белгілі болды.

Аталмыш жайт ҚР ҚК-нің 286 бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» және 296 «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабтары бойынша СДТТБТ-не тікелді. Қазіргі уақытта есірткі затын сақтау мен шекарадан жасырын өткізудің сотқа дейінгі материалдары шешім қабылдану үшін сотқа жолданды.

Полицейлер өткен жылдың желтоқсан айында тағы бір осыған ұқсас контрабандалық жайтты анықтаған болатын. Ол кезде шекара бақылау бекетінен есірткіні контрабандалық жолмен өткізбекші болған Алматы қаласының жергілікті тұрғыны ұсталған. Полицейлер ұсталған азаматты тексеру кезінде гашишке ұқсас есірткі затын тапқан болатын. Сараптамаға сәйкес табылған есірткі заты жалпы салмағы 400 гр-ды құрайтын гашиш екені белгілі болды.

Аталмыш жайт бойынша ҚР ҚК-нің 286 бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген затттардың контрабандасы» және 296 «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабтары бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жалғасуда. Күдікті қамауда. Тергеу жүргізілуде.

ТО ПД-нің баспасөз қызметі