Түркістан Самарқанд және Бұқара сияқты қалаға айналатын күн жақын

392

Түркістанда шығыс стилінде құрылыс жүргізіліп, ерекшеленетін болады. Бар салмақты бюджетке артып қоймай, туған жерді түлетуге кәсіпкерлерді шақырған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев халық алдында есеп берді.

Алғашқылардың бірі болып, облыс орталығына өз ақшасына әлеуметтік нысан құрылысын бастаған кәсіпкер Серікжан Сейітжанов пен Қайрат Балабиевке ел алдында алғыс айтты, ісін үлгі етті.

Республикада жастары көп аймақ екенімізді ескертіп, бар аудан-қаланы дамытуға жалындаған жас қызметкерлердің күшін пайдалану қажет дейді Түймебаев. Осылай деп баяндамасын парақтаған Жансейіт Қансейітұлы бір демін алып, есептік кездесуге Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының қатысып отырғаны тілге тиек етті.

Тариxы тереңде жатқан аймақта арxеологиялық қазба жұмыстары баяу жүріп жатқандығына тоқталып, іске қолдау көрсетуді сұранды. Қожа Аxмет Яссауи мен Арыстанбаб кесенелері әлем назарын аудартып отырғанын ексертіп, дәл осы кесенелермен туризмді дамытуды қолға алмақ жоспарын жария етті. Облыстың өз брендін қалыптастыратын кез келгенін де мәлімдеді.

Шынар Оразова