Тай ұрлап сатқан күдікті тұзаққа ілінді

356

2019 жылдың ақпан айының 20 күні Арыс АПБ-не жергілікті тұрғыннан мал ұрлығына қатысты арыз келіп түседі. Ер азаматтың мәлімдеуі бойынша 6 шақырымдық жерде орналасқан жайылымға кеткен 3 бас тайының ішінен біреуі қайтып оралмаған. Аталмыш жайт, ҚР ҚК-нің 188 «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркеуге алынды.

Мал ұрлығы қылмысын ашуда Түркістан облысы Полиция департаментінің Арыс АПБ қызметкерлерінің «Мал ұрлығы» іс шарасын жүргізді. Нәтижесінде, Сарыағаш ауданының жергілікті тұрғыны құрықталды. Аталмыш күдікті қолды еткен малын өзінің ауданының тұрғынына 60 мың теңгеге сатып үлгерген.

Қазіргі таңда, мал ұрлығы жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, 1 бас малды сатып алған еразаматтың түр тұлғасын анықтау шаралары іске асырылуда. Полицейлер күдіктілердің тағы да басқа осы жайтқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар жоқтығын анықтауда.

Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері тұрғындарға қора жайларын мықтап бекітіп, малдарын қараусыз қалдырмай, адам жалдап болса да бақылауда ұстау керектігін айтады. Мал жоғалған кезде дер кезінде хабар берілсе, полицейлердің қылмыскерлерді ізін суытпай құрықтауға үлкен көмегін тигізеді. Қандай да бір қылмыс орын алса полицияның «102» нөміріне қоңырау шалыңыздар.

Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі