Туыстарына ренжіген мақтааралдық келіншек өз-өзін өлтірмек болған

1399

Отбасылық кикілжің үшін ренжіген келіншек өз-өзін өлтірмек болған. Жетісай АПБ-нің кезекші бөліміне бейтаныс келіншектің өз өзіне қол жұмсамақ мақсатта көпірден секірмекші болып тұрғаны жайлы өтіп бара жатқан жүргіншіден хабарлама келеді.

Оқиға орнына бірден Жетісай АПБ ЖПҚ-нің патрульді полициясының автоэкипажы жөнелтіледі. Оқиға орнына жеткен полицейлер көпірден секірмек болған жас келіншекті көреді. Уақытты созбай жол-патрульді полиция қызметкерлері, полицияның аға сержанты Е.Бердібеков пен полиция сержанты Т.Бейсенбаев шапшаңдық танытып келіншекті аман алып қалуға көмекке ұмтылып, суицидтен құтқарды.

Тәртіп сақшыларының анықтауымен келіншектің Жетісай ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Келіншектің айтуы бойынша оның суицидке баруына отбасылық жағдайы итермелеген. Полицейлер келіншекпен әңгіме жүргізіп, көмек қолын созғаннан соң, туған туыстарына табыстады.

Жетісай АПБ басшылығы полиция қызметкерлеріне жергілікті тұрғынды құтқару кезінде кәсіби біліктілік пен қырағылық танытқаны үшін алғыс білдірді.

Лаура Нақыпқызы