Түркістан қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп ағымдағы жылдың басынан өткізген жедел-профилактикалық іс-шараларының аясында заңсыз ойынхана бизнесінің онға жуық жайтын анықтады.
2 ақпанында полицейлердің жүргізген жедел шараларының нәтижесінде Түркістан қаласы Тәуке хан даңғылындағы ғимараттардың бірінен заңсыз ойынхана бизнесін анықтады. Тәртіп сақшылары кассалық аппараттардың ұйымдастырушыларынан компьютер мен өзге де техникаларды тәркіледі. Аталмыш жайт ҚР ҚК-нің 307 «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бабымен СДТБТ-не тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
2019 жыл басынан бері Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлерімен Түркістан қаласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметтен табысын алып отырған ұйымдастырушылардың заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырудың 8 жайтының жолын кесті. Жалпы заңсыз ойынхана кәсібімен ойынхана ғимараттарында пайдаланылып отырған 100-ге жуық компьютер мен өзге де техникалар тәркіленді. Қазіргі таңда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ойын мекемесін заңсыз ашу не ұстау немесе ойын бизнесі саласындағы қызметті заңсыз ұйымдастыру, сол сияқты заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайлар беру екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеліп мүлкі тәркіленетіндігін ескертеді.
Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері