Жол-көлік апатынан кейін сақтандыру төлемін алу мерзімі 3 күнге дейін қысқарады. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы сотының төарғасы Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жоғарғы соттың кеңетілген отырысында Ж.Асанов 53 сотта жүзеге асырылып жатқан «түнгі сот» ілкі жобасына 110 судья жұмыс істейтіндігін еске салды. Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін жол-көлік апаты орын алғаннан кейін сақтандыру төлемін алуға 100 күнге дейін уақыт кететін. Ал түнгі сот жұмысын бастағаннан кейін сақтандыру төлемін алу 15 күннің ішінде жүзеге асыра бастады. Бұл ретте 10 күн сот қаулысы күшіне енуіне кетеді.
«Егер біз Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске бастамашылық жасайтын болсақ, мұндай қаулылар тараптардың келісімі болған жағдайда бірден күшіне енетін қылсақ, онда бұл мерзімді 3-5 тәулікке дейін қысқартуға болады. Бұл адамдарға да қолайлы», — деді Жоғарғы сот төрағасы.