Жол жөндеуге 1,5 млрд. теңге

316

Төлеби ауданында 2019 жылы облыстық маңызы бар 56,2 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 1 млрд. 382 млн. теңге және 44,9 шақырымды құрайтын аудандағы 27 көшеге аудандық бюджеттен 577,0 млн. теңге қаржы қарастырылып, автомобиль жолдары жөнделеді.

Сондай-ақ, елді мекендердің арасындағы көлік қатынастарын реттеу мақсатында Екпінді-Ақмешіт көпіріне, Ханарық елді мекеніндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпірге, Қаратөбе елді мекеніндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпірге, Шахта-Тоғыс елді мекеніндегі Тоғыс өзені арқылы өтетін көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі