«Ғажайып сегіздік» көрермендерді қуантты

391

250 мың теңге! «Отырар» телеарнасында бүгін эфирге шыққан «Ғажайып сегіздік» мерекелік ұтыс ойынында осынша сомаға сыйлықтар ойнатылды. Оның ішінде, сұлулық процедурасына, спорт-ойын-сауық орталығына сертификаттар және театрға тегін билет берілді. Дәмді суысындар мен ерекше сыйлықтар да аз болған жоқ. Тікелей эфирде анықталған жеңімпаздардың алды бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ойын-күлкі. Позитив. Қобалжу. «Отырар» телеарнасы жүргізушілерінің бүгінгі дайындығы ерекше еді. Себебі бүл күн бұрынғыдан өзгерек. Телеарна ұжымы биыл да «Ғажайып сегіздік» мерекелік ұтыс ойындарын ойнатып, көрермендерін бағалы сыйлықтармен қуантты.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған керемет эфирге түрлі салада қызмет етіп жүрген нәзікжандылар келіп сұқбат берді, көңілді жүргізушілердің ойындарына қатысты. Тіпті, Шымқаланың 2018 жылғы аруы да келіп, өз құттықтауын тікелей эфирде жолдады. Бұл эфир барысындағы көріністер, ал негізгі жұмысты жасағандар – экран сыртында, әрине. Олардың еңбегі зор.

«Ғажайып сегіздіктің» қолдаушылары «Флебология және лазерлік медицина клиникасы», «Марс» спорт-ойын-сауық орталығы, орыс драма театры, «Барф» сауда белгісімен өнім шығаратын «Шведказ» компаниясы және Ситимед клиникасы. Ал Бас демеуші -Визит алькоголсыз сусындар зауыты. Демеушілер «Отырардың» көрермендеріне 250 мың теңгенің сыйлықтарын ұсынды.

Оны ұтып алудың шарттары қиын болған жоқ. Бастысы, «Отырар» телеарнасының және мерекеге орай ашылған инста парақшаға жазылып, ондағы барша демеушілерге тіркеліп, астындағы комментарийге бір досты белгілеу керек еді. Сондай-ақ бағалы сыйлықтар тікелей эфирге хабарласып, ең ерекше құттықтау айтқан көрермендерге үлестірілді.

Ал жобаның соңында студияға арнайы кондитер келіп, дәмі тіл үйіретін торт пісірді. Ғажайып сегіздікке тарту етті. Мүмкіндік пайдаланып, телеарнаның тұрақты көрермендеріне ақ жарма тілектерінен де төкті.

Бағдарламада анықталған жеңімпаздар арнаға келіп, ұтыстарын алды. Жолы болғандардың бірі – Любовь Ерлыченко. Ол ұтыс ойынына инстаграмм арқылы қатысып, нәтижесінде «Барф» сауда белгісімен өнім шығаратын «Шведказ» компаниясының тауарына ие болды. Алғаш рет байқауға қытысып, жеңімпаз атанған Любовтың қуанышында шек жоқ.

Любовь Ерлыченко: “Маған бүгін хабарласып, байқауда жеңгенімді айтты. Өтте қатты қуандым, өйткені әлеуметтік желі де бірінші рет байқауға қатысып, жеңіске жетіп тұрмын. Сүйікті арнамыз «Отырар» теларнасына рахмет. Мереке алдында жақсы көңіл күй сыйладыңыздар. Мен қуаныштымын».

Келіп жатқан жеңімпаздар көп, алайда өз иесін күтіп жатқан сыйлықтар да аз емес. Құрметті қатысушылар, өз сыйлықтарыңызды алуға асығыңыздар.

Біздің мекен жайымыз Төреқұлов көшесі 15. Ал «Отырар» телеарнасы сіздерді әлі талай таңқалдырмақ. Сондықтан бізбен бірге болыңыздар!