Шымкентте қарыз ақшасын ала алмай, соттасып жүргендер медиация тәртібімен бітімге келді. Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотында талап қоюшы «МКО «Квадро-Финанс» ЖШС-нің жауапкер Ж.Т.-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық іс қаралған.

Жауапкер азамат сотқа арызданушы мекемеге миллиондап қарызданып қалған көрінеді. Қарыз үшін сотқа кеп дауласқан қос тарапты тыңдаған судья бітімгерлікке үндеген. Татуластырушы судья тараптарды бітімге шақырып, «Медиация туралы» заңның талаптары мен оның тиімділігін түсіндірді. Бітімге келу арқылы уақыт та, қаржы да үнемделетінін ескертті. Түсіндірме жұмысы нәтижесінде тараптар өз қалауларымен медиациялық келісімді бекітуді сұраған.

Оның шарттары бойынша жауапкер Ж.Т. талап қоюшы «МКО «Квадро-Финанс» ЖШС-не 2019 жылдың 17 наурызына дейін 1 304 732 теңгені төлеуге міндеттелді,  ал талап қоюшы өз талапқою арызынан бас тартты. Соттың ұйғарымымен тараптар түзген дауды медиация тәртібінде реттеу орындауы тиіс шарттарымен бірге келісім бекiтiліп, iс бойынша өндiрiс тоқтатылды.

Айта кетейік, сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.