Бүгін «Өзбекстандағы Қазақстан жылына» арналған халықаралық велошеру өтуде. Шеруді Шымкент қаласының велоспорт федерациясы ұйымдастырып отыр.

Шымкент–Ташкент бағытындағы велошеру жолының ұзақтығы – 130 шақырым. Айта кетейік, игі дәстүрге айналған мұндай велошеру биыл екінші рет өткелі отыр. 2018 жылы Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында велоспортшылар Ташкент қаласынан Шымкентке шерумен жүріп келген болатын.