Өзен шаяндары мен электронды шылымды шекара асырмақ болғандар құрықталды

315

Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығынан қайтып келе жатқан 1988 жылғы Қазақстан азаматынан 60 дана «Рэйч Н777» маркалы радиостанциялар табылып, «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды. Жалпы бағасы есептелінуде.

Кеденшілерге бұдан кейін өткізілген, жалпы салмағы 1300 кг тартқан халық тұтынатын тауарлардың құны — 3 780 000 теңге деп есептелінді. Сондай-ақ, 44 жастағы ҚР азаматшасынан 64 дана электронды темекі мен соған арналған 30 дана қосалқы батареялар және 27 орам сүзгілер табылып, актімен «Алтынкөл» кеден бекетіне тапсырылды. Бұл тауардың жалпы құны — 650 000 теңгені құрады.

Жайсаңда (Ақтөбе шекара отряды) біржарым миллионнан астам теңгенің заттарын елден заңсыз шығармақ болғандар ұсталды  «Жайсаң авто» шекаралық бақылау бөлімшесінде 41 жастағы ресейлік ұсталды. Ол «ГАЗ 2834» автокөлігінде Ресейге қарай жалпы салмағы 1000 кг автомобильдердің қосалқы бөлшектерін заңсыз алып өтпек болған екен. Актіленіп, Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылған заттардың жалпы құны —   1 600 000 теңгені құрады.

Дәл осы бекетте Ресейге бет алған 30 жастағы қазақстандықтан велосипедтерге арналған 300 дөңгелек пен 100 дана жылдамдық ауыстыру механизмдері,  онымен құрдас қазақстандық азаматшадан 1200 кг дақылдар, 1965 жылғы ресейліктен 70 кг өзен шаяндары табылып, МКД қызметкерлеріне тапсырылды.

Осы отрядтың «Әлімбет авто» бөлімшесінде 29 жастағы қазақстандық Ресейге заңсыз әкетіп бара жатқан  8000 дана шаруашылық сыпыртқыларымен ұсталды.   140 литрге жуық алкоголь өнімдері Қазақстанға кіргізілмеді   Қордайлық шекарашылар 180 шөлмек (126 литр) арақты елге рұқсат құжаттарынсыз кіргізбек болған 1960 жылғы қазақстандықты және 13,3 литр әр түрлі алкоголь өнімдерін өзімен бірге Қазақстанға алып кірмек болған 1976 жылғы қырғыз азаматын ұстады.

Қостанайда Ресейге кетіп бара жатқан автокөлік жүргізушісінен есірткі табылды   Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ авто» өткізу бөлімшесінде Ресейге қарай «Равон» автокөлігімен кетіп бара жатқан 1986 жылғы Қазақстан азаматы ұсталды. Шекара нарядының қызметтік иті автокөлік жүргізушісінің орындығының астына целлофан пакетке салынып, жапсырылып жасырылған түйіншек тауып алды. Табылған заттың «гашиш» есірткісі екендігі анықталды. Ұсталған азамат айғақ затымен Қарабалық аудандық полиция бөліміне тапсырылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі