Шымкент қаласы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері 2019 жылдың 28 ақпан мен 6 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасының негізгі мақсаты — көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу болып табылады. Бір тәуліктің ішінде құзырлылар 920 әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған. Оның ішінде жеңіл-дене жарақат салу, ұсақ құқық бұзушылық, уақытша тіркеуге тұрмау сынды жәйттар.
Әсіресе шара аясында қаланың учаскелік полицейлер тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жасап, қоғамдық орындардағы тәртіптерді күшейтуде.
Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы (ҚР ӘҚБтК-ның 517-бабы) бойынша -27 құқықбұзышылық анықталған. Сонымен қатар, іс-шара барысында қабылдап тарату орындарына -41, ал уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына -49 азамат жеткізілді.
Данабай Алиев, Шымкеннт қаласының ПД жергілікті полиция қызметінің басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы: «Іс-шара барысында қоғамдық орындар мен қала көшелерінде құқық бұзушылықтарды алдын алу және жолын кесу бойынша қосымша шаралар қабылданды, тұрғын үй кешендерінің аулаларында, қала тұрғындары мен қонақтары жаппай жиналатын және бос уақыттарын өткізетін орындарда жаяу жасақтардың патрульдеуі күшейтілді.
«Құқықтық тәртіп» іс-шарасының негізгі мақсаты — көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу болып табылады.»
Лаура Нақыпқызы