Қорық-музей қызметкерлері мектепте  лекция ұйымдастырды

250

Түркістан қаласындағы №14, 19, 20, 24 жалпы орта мектептерінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкері Ардақ Бейсенова «Экскурсиядағы әңгіменің орыны» атты лекция ұйымдастырды.

Мектеп оқушыларының қасиетті, тарихи орындар мен музейде сақтауы тиіс әдептері, жәдігерлер және түрлі мұралармен танысып, қызықтауда зиян тигізбей ұқыптылыққа мән беру, экскурсия жүргізетін маманмен қарым-қатынас сынды көптеген маңызды ақпараттармен бөлісуге арналған теориялық оқыту барысында оқушылар да өзіндік сауалдарын қойып, пікір алмасты.

-«Музей елдің интеллектуалды өмірінде,ұлттық немесе халықаралық қоғамдастықта өзінің маңызды орны бар.

Мамандар музейге келуші халықпен тығыз байланыс орнатып,қарым-қатынас жасау арқылы музей ісінің өңделіп, өсіп отыруына бағалы үлесін қосады. Келуші мен музей қызметкерлері арасындағы тығыз қарым-қатынас, тәртіп кез-келген туристік сапардың мәнді де мағыналы өтуіне жол ашады. Сондықтан, тарихи мұраларға құрметпен қарау, қызметкерлермен сыйластық жөнінде өскелең ұрпаққа үйретудің де өзіндік  маңызы бар»,- дейді Ардақ Бейсенова.