Шымкентте уақытша тіркеусіз жүруге болмайды. Тәртіп сақшылары ережеге бағынбағандарды үйме — үй іздеп жүр. Сондай-ақ, қоғамдық орнында тәртіп бұзып, әйеліне қол көтергендер де назардан тыс қалмады.
Учаскелік полицейлер үйме-үй аралап жүріп уақытша тіркеуге тұрмаған 153 азаматты анықтаған. Тіркеусіз жүргендердің үстінен тәртіп сақшылары әкімшілік хаттама толтырған. Сондай-ақ, құжаты жоқ 20 адамды уақытша қамауға алған.
Учаскелік полицейлер әкімшілік құқықтық баптар Мекендайлар тексеріліп, құжатсыз жүргендер қамауға алынды. Сондай-ақ, құқық бұзған азаматтарға әкімшілік хаттама толтырылып жатыр.
Үш тәуліктің ішінде құзырлылар 2000-нан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған. Оның ішінде жеңіл-дене жарақат салу, ұсақ құқық бұзушылық, уақытша тіркеуге тұрмау сынды жәйттар. Заңсыздықтармен күресті тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс шарасы аясында жүргізуде.
Данабай Алиев, Шымкеннт қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы: «Қоғамдық орында масаң күйде жүрген 20 адам жауапқа тартылды. Сондай-ақ, полицейлер үйме — үй аралап жүріп, әйеліне қол көтерген азаматтарды анықтап, отбасылық ұрыс өршіп кетпес үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізді».
Сондай-ақ, темір терсек қабылдайтын орындарға да бақылау күшейтілмек. Темірді қабылдамас бұрын кәсіпкерлер ұрлықы заттарға мұқият болуы қажет. Ал, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс шарасы аясында тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын 6- наурызға дейін жүргізбек.
Лаура Нақыпқызы