Семей тексеріп-өткізу пункітінің «Ауыл-авто» бөлімшесінде Қазақстаннан Ресейге шығып бара жатқан 56 жастағы Ресей азаматының «Ниссан Х-трейл» автокөлігінен аңшы мылтығының оқ-дәрілерін тапты.
Сонымен бірге, Ресейден 400 кг жылқы етін алып кірмекші болған 1987 жылғы қазақстандықты шекарадан өткізбей, кері қайтарды. Дәл осы бекетте шекара наряды қызметтік иттің көмегімен «Тойота Королла» автокөлігімен елімізден шығып бара жатқан 1970 жылғы Ресей азаматынан 100 граммға жуық «гашиш» есірткісін тауып алды. Бұл азамат есірткіні ауына жасырып өтпекші болыпты. Ұсталған азаматтар айғақ затымен Бородулиха ауданының полиция бөліміне тапсырылды.
Тура осындай жолмен Сарыағаш шекара отрядының «Жібек жолы» бөлімшесінен 33 жастағы өзбекстандық та Мемлекеттік шекарадан аз көлемде «гашиш» есірткісін алып өтпек болыпты. Осы бекетте кептірілген «марихуана» есірткісін өзбекстанға қарай алып өтпек болған 44 жастағы қазақстандық та ұсталды.