№ 54 орта мектепте уланған 39 оқушының 38-і үйіне шығарылды, біреуі бақылауда

248

Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенизация орталығынан жаңа деректер пайда болды. Қазіргі кезде белгісіз газдан улануға байланысты дәрігерлерге барғандардың жалпы саны 39 адамды құрады. 38 оқушы ауруханадан шығарылды, олардың біреуі дәрігерлердің қадағалауында.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Шымкенттегі «Ынтымақ» шағынауданында орналасқан №54 орта мектепте оқушылар белгісіз заттан уланып қалған болатын. Сынып бөлмелерінде және мектеп ауласында жағымсыз иіс сезілген. Газ-төтенше қызметі өкілдері табиғи газдың ауаға жайылуын растамады. Оұиға орнында жедел жәрдем қызметі жұмыс істеді. Уланғандардың барлығы да медициналық көмек алды.

Оқушылардың неден уланғаны зерделену үстінде. СЭС мамандары ауа құрамын, мектептің сынып бөлмелерін зерттеп шықты. Ешқандай бөгде заттардың белгілерін анықтаған жоқ.

Жәбірленушілердің көпшілігі қалыпты жағдайда. Алаңдаушылық тудырып отырған жоқ.