Елімізде отбасы тақырыбы өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі. Алайда қазіргі таңда ажырасу көп талқыланатынмәселенің біріне айналған, осы және басқада да, даулы мәселелерді тиімді, әрі оңтайлы шешу жолдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты тарапынан жоспарланған.
Аталған жоспарды жүзеге асыру мақсатында «Татуласу әділдіктің жаңа тренді» тақырыбында Шымкент қаласының Абай аудандық сотының татуластыру рәсімдерін жүргізетін судья Е.Б.Отарбаев, кәсіби медиатор, Абай аудандық әкім аппараты қызметкерлері және Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, Шымкент қаласының отбасы балалар және жастар істері жөніндегі басқарма қызметкерлері және адвокаттардың қатысуларымен ажырасу талап қою арызын тапсырған 40 отбасыны шақырып дөңгелек үстел өткізді.
Пилоттық жобалардың, оның ішінде «Татуласу: сотқа дейін, және сотта» жобасының соттан тыс татуласу рәсімдерін іске асыру да маңызды рөл атқарып отырғанын көрсетеді. Міне осылайша, 2018 жылы сотқа талап қою арызымен жүгінген 201 адам істері бойынша дау сотқа жеткізілмей тараптардың татуласуы рәсімі арқылы шешілген. Алдағы уақытта осы жобаны одан әры жандандырып, халыққа өз пайдасын тигізетініне сенімдеміз.
Еркен Бостанбекұлы дөңгелек үстелге қатысушылар мен арызданушыларға татуластырудың талаптарын жетік игеру мақсатында Абай аудандық сотына келіп, әкім аппаратының татуластыру бөлмесінде және осы соттың татуластыру рәсімін жүргізу мақсатында кеңес жайлы ұсыныс жасады.
Кездесу соңында отбасы құндылықтарын ұмытпай, Елбасымыз айтқандай: «Әрқашан бірлесіп болашағымызға білімді білікті ұрпақ тәрбиелеп еліміздің дамуына өз үлесімізді қосайық» деп жиынды аяқтады.