2019 жылғы 26 қаңтарда Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне 6 жасар қыздың сабақтан шығып, жоғалып кеткендігі туралы хабарлама келіп түскен. Полиция қызметкерлері дереу жас қыз баланы іздестіруге жұмылдырылды.
Сол маңда жұмыстан қайтып бара жатқан Әбілхан Дәрібаев есімді азамат бүлдіршінді көріп, адасқанын түсінеді. Содан ол 6-жасар қызды Шымкент қаласы Полиция Департаменті Қаратау аудандық полиция басқармасына жеткізген.
«Қоғамда болып жатқан жайттарға немқұрайлы қарамай, жас баланы ата-анасымен қауыштырған Әбілхан Дәрібаевтың еңбегін ескеріп, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетов алғысын білдіріп, мақтау қағазымен марапаттады.
Осыған орай, Шымкент полициясы азаматтардан жас балаларды назардан тыс қалдырмауын ескертеді»-деп хабарлайды Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.