8 наурыз — Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері бас қосты. Қазақстан халқы Ассамблеясының бірыңғай күні аясында еліміздің барлық аймағында бір мезетте өтіп жатқан іс-шарада аналардың ел дамуына қосып жатқан үлесі кеңінен сөз болып, көпбалалы аналарға мерекелік сый-құрмет көрсетілді.

Мерекелік жиынға ассамблея хатшылығының қызметкерлері, Аналар кеңесінің мүшелері «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері мен ардақты аналар қатысты.

— Қадірлі аналар, Сіздерді алда келе жатқан төл мерекелереңізбен шын жүректен құттықтаймын! Біздің қоғамымызда әйелдер отбасының береке-бірлігін нығайтумен қатар қоғамның барлық саласына белсене араласып келеді. Елімізде көпбалалы аналар саны бойынша біздің қаламыз алдыңғы қатарда тұр. «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде көпбалалы отбасыларды, халықтың әлсіз топтарын нақты қолдау және оларға баспана беру жайы айтылды. Қала әкімдігі тарпынанда әлеуметтік қолдау шаралары артуда. Ендеше, елдің өсіп, өркендеуіне өлшеу сіз үлес қосып отырғана яулы жандар аман болсын, — деді жиында қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Балхия Көмекбаева.

Салтнатты шарада аналардың атынан сөз алған он баланың анасы Гүлзада Әбуталипқызы жастарды көпбалалы болудан қорықпауға шақырды.

— Қара шаңырақта 26 жылдан астам уақыт ата-енем мен бірге тату-тәтті өмір сүріп келемін. Келін ененің топырағынан жаралады деген қазақтың қасиетті сөзі бар. Енемде «Алтын алқа» иегері. Кезінде апамның жолын қуу мен үшін арман болатын. Міне, сол арманым орындалды. Алланың қалауымен 10 сәбиімді өмірге әкелдім. Әр баламның дүниеге келуімен қатар, біздің үйде үлкен қуаныштар орын алады. Қазіргі таңда балаларымның алды студенттер, ал кішкентайларым Назарбаев зияткерлік мектебінде үздіктер қатарында.

Әр бала өз несібесімен келеді деген. 10-шы сәбиімді өмірге әкелгеннен кейін мемлекеттік бағдарламаа ясында 3 бөлмелі пәтерге қолжеткіздім, — деді ардақты ана ағынан жарыла.

Жиын соңында қалалық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ербол Байқонақов бір топ көпбалалы аналарға мерекелік сый-сияпат жасады