Арыстықтар жас босанған аналарға ақ жаулық жапты

448

Бүгін Арыс қалалық ішкі саясат бөлімі және қалалық Ассамблея жанындағы Аналар кеңесі мүшелерінің ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ақ орамал» іс-шарасы өтті.

Жиынды ұйымдастырушылар аудандық аурухананың «Перзентхана» бөлімінде болып, дүниеге нәресте әкелген жас аналарға ақ орамал жауып, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, ыстық ықыластарын жаудырды. Дүние есігін жаңа ашқан сәбилер елдің елеулі азаматы болсын деген тілегін білдірді.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі