ASHYQ ASPAN – әуе шарлары фестивальі өтеді

497

23-24 наурызда Шымкентте Наурыз мерекесі аясында жыл сайынғы ең жарқын оқиғалардың бірі — ASHYQ ASPAN фестивалі өтпек. Көпшіліктің асыға күтетін бірегей фестиваль қаламызда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Екі күнге жоспарланған фестивальға елімізден бөлек, Украина, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, Иран, Қытай, Біріккен Араб Әмірліктерінен келген 20 монгольферлер қатысатын болады. 20 әуе шарлары демонстрациялық ұшуларды келушілердің назарына ұсынбақ. Аэронавигацияның тәжірибелі ұшқыштары шеберлік сабақтарын өтетін болады. Сондай-ақ, түрлі сыйлықтар ойнатылады. Флешмоб, фотосессия жасауға мүмкіндік бар. Көше әртістері жонглерлер, «сиқыршылар» өнер көрсетпек.

Барлық аумақ әртүрлі тақырыптық аймақтарға яғни, музыка, би, ойын, релаксация аймағына бөлінеді. Әртүрлі тағамдардан дәмауыз тиюге болады. Кешке қонақтарға «Түнгі жарқыл шеруі» атты әуе шарлар қойылымы ұсынылады. Көркем музыкалық топтар гала-концерт береді.

Еске салайық, өткен жылы наурыз айында Шымкентте ASHYQ ASPAN халықаралық әуе шарлары фестивалі табысты өтті. Бір ақ күн ұйымдастырылған шараны 50 мың көрермен тамашалаған болатын.

Ұйымдастырушылар жаңалықтарды қалт жібермеуді ескертеді. Ауа райы қолайсыз болған жағдайда фестивальді өткізу уақыты өзгертілуі мүмкін.