Баспанамен қамту мәселесі сенаторлардың бақылауында

199

Шымкент қаласындағы тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі сенаторлардың бақылауында. Жақында ғана Шымкент қаласынан ҚР Парламентінің сенатына сайланған Дархан Сатыпалды мен Нұрлан Бекназаров шаһарда салынып жатқан тұрғын үйлерді аралады.

Сала мамандарының айтуынша бүгінгі таңда 140 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Соның коммуналдық 35-і «Тұрғын үй жинақ банкі» арқылы несиеге беріледі. Өзгелерін кәсіпкерлер салып жатыр.

Бұдан бөлек, құрылыс басқармасы 68 көпқабатты үйдің ЖСҚ дайындап қойған .Бүгінгі таңда 37 мың адам коммуналдық үйге мұқтаж болса 67 мың отбасы түрлі бағдарламалар арқылы баспаналы болуға дайын. Жаңа салынып жатқан құрылыс барысымен танысқан сенаторлар біткен баспаналарды мұқтаждарға ертерек тапсыруға тілектерін білдірді.

Нұрлан Күдерұлы