Дәрігерлер мереке күндері дастарханға қойылатын қауіпті тағамдарды атады

1044

Наурыз мерекесін тойлау барысында наурыз көже, бал қаймақ, ет тағамдары сияқты көптеген ұлттық тағамдардан бастап, салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер және басқа әртүрлі тағамдар дастарханға қойылады.

Қазіргі уақытта мереке кезінде қоғамдық тамақтану объектілерінде уланып қана қоймай, үй тағамдарынан да улану қаупі бар, өйткені азық-түлік, оның ішінде әртүрлі тез бұзылатын аспаздық және кремді кондитерлік өнімдер алдын ала сатып алынады.

Мереке күндері үйде тамақтан уланудың негізгі себептері азық-түліктің, тез бұзылатын тағамдардың сақтау шарттарының орындалмауы және тамақ дайындау кезінде жеке гигиена ережелерінің сақталмауы болып табылады.

Одан басқа, дастарханға үй жағдайында дайындалған консервіленген өнімдер қойылады. Егер көкөністерді, саңырауқұлақтар консервілеу кезінде дұрыс жуылмай, консервілеу ережесі бұзылып дайындалған болса және тамаққа колданылса, ол тіпті өліммен аяқталатын улануды тудыруы мүмкін.

Сондай-ақ, «Наурыз» мерекесі мейрамханалар және дәмханаларда тойланатындықтан, қаламыздың кәсіпкерлерін санитариялық талаптардың сақталуына аса назар аударуға шақырамыз!

Қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуіне, жұмысқа рұқсаты болуына, жеке бас гигиенасының сақталуына, азық-түліктердің қауіпсіздігін растайтын құжаттарының болуына, азық-түліктердің тасымалдануына, сақталуына, әсіресе тез бұзылатын өнімдердің тоңазытқышта сақталуына көңіл аудару қажет.

Тамақ өнімдерін термиялық өңдеуден өткізу (таза пісіру), сондай-ақ көкөністер мен жемістерді мұқият жуу қажет. Шикі және дайын өнімдерге арналған бөлшектеу мүкәммалын мақсаты бойынша пайдалану, тағамдарды дайындауға бүлінбеген сапалы өнімдерді қолдану, шикі өнімдерді дайын өнімдерден бөлек сақтау керек екендігін ескертеміз.

Сонымен, келесі қарапайым ережелерді орындау тамақтан уланудың алдын алады:

— ас үйді және азық-түлік өнімдерді жәндіктерден, кеміргіштерден сақтау қажет;

— көкөніс пен жеміс-жидектерді ағынды сумен мұқият жуып, мүмкіншілігінше қайнаған сумен шаю қажет;

— тамақ өнімдерін жарамдылық мерзімін ескере отырып сақтаңыз;

— дайындалған тамақты бөлме температурасында 2 сағаттан артық қалдырмаңыз;

— ет, құс, жұмыртқадан, тез бұзылатын тағамдар, сондай-ақ паштеттер, аспаздық өнімдер, кремі бар кондитерлік өнімдер, салаттарды дайындағаннан кейін бірден қолдану қажет;

— салқын көп компонентті тағамдарды құйылған күйінде +2-6°С-қа дейін сақтау шартымен 3 сағат бойы пайдалану қажет;

— үйден консервіленген өнімдерді базарлардан, белгісіз сауда орындарынан көшеден сатып алмаңыз;

— қақпағы көтерілген, түсі бұзылып иісі шыққан банкілерді жедел түрде жою қажет, тіпті дәмін де татуға болмайды.

Осы қарапайым талаптарды сақтау, мереке күндері тамақтан улану қатерін болдырмайды. Ал егер тағамнан улану белгілері пайда болған жағдайда, дереу дәрігерге медициналық көмекке жүгіну қажет екенін есте сақтау керек.