Шымкент аумағында орналасқан емханалардың ғимаратында дәріханалар ашылды. Онда диспансерлік есепте тұрған науқастар дәрігердің жазған рецепті бойынша дәрі-дәрмектерді емханадағы дәріханадан тегін алуға мүмкіндік алды.
Александр Жихарев №1-ші қалалық емханада диспансерлік есепте. Дәрігердің қабылдауында болған тұрғын рецепт бойынша ғимараттың бірінші қабатында орналасқан дәріханадан қажетті дәрі- дірмектерін тегін алды. Денсаулығы сыр берген жасы келген азаматтарға өте ыңғайлы, тегін дәрі беретін дәріхананы іздеп табанынан тозбайды.
Емхананың бөлім меңгерушісі Назым Жұматаева диспансерлік есепте тұрған азаматтарды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мақсатында алдын ала қалалық денсаулық сақтау басқармасына тапсырыс жасаймыз дейді.
Мысалы тізімде: Адалимумаб, Азитромицин, Аторвастатин, Валсартан, Будесонид сияқты дәрілер бар. Дәрмектер кардиолог, онколог, терапевт- дәрігердің рецепті бойынша диспансерлік есептегі науқастарға тегін босатылады. Келген адамдар «уақытымызды үнемдейтін болдық, өте тиімді» деп алғыстарын айтуда. Жаңашылдық қаңтардың ортасынан жүзеге асуда, дейді дәрігер.
Шынар Оразова