Г. Құрманбекованың қабылдауына келгендердің сұрағаны баспана болды

189

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова бүгін әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларын жеке қабылдады. Айтуынша бүгінге дейін Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік тұрмысы төмен әлсіз топқа жататын 14 мыңнан астам отбасы анықталған.

Қала әкімінің тапсырмасына сай сол азаматтармен жеке кездесіп, олардың мұқтажын анықтау кезек күтірмейтін мәселе. Бірінші кезекте баспанаға мұқтаж жандардың проблемаларын шешу қажет.

Шымкент қаласында құрылысы аяқталып, дайын тұрған 500 — ден астам пәтер бар және оның санын мыңнан асыру жоспары тұр. Міне осы баспаналар 2006 жылдан бері кезегі бар тұрмысы төмен көпбалалы жанұяларға беріледі екен. Бүгінгі кездесуге келгендердің бәрінің сұрағаны баспана болды.

Гүлжан Құрманбекова, қала әкімінің орынбасары: «Бізде коммуналдық пәтер алуға құқылы 5 топ бар. Біз сол топтың ішіндегі көпбалалы, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың үлесін көбейтуіміз керек. Бүгінгі таңда арнайы заң қабылдануы тиіс. Ал оған дейін біз мәселені арнайы комиссияда қараймыз”.

Нұрлан Күдерұлы