Кәріз құдықтарының қақпағын ұрлайтындарды қақпанға түсіретін әдіс ойлап таппақ

218

Қалада қақпақсыз қалатын құдықтар саны артып келеді. Әсіресе, бейнабақылауы жоқ, аумақтарда кәріз құдықтары ашық қалады. Ал одан тараған зиянды микробтар, эпидемия тудырады. Мамандар осылай деп дабыл қағуда. Тосқауыл қою үшін не істемек керек?

Шымкентте жыл басталғалы 127 кәріз құдығы қақпақсыз қалған. Мамандардың айтуынша, бұл нағыз эпидемия тудыратын ахуал. Ол аздай абайсызда адам түсіп кетсе, аман қалуы да екіталай деп отыр. Абырой болғанда, жапа шеккендер жоқ. Енді алдын алу үшін жабылуы шарт.

Мұрат Орманов, «Су ресурстары Маркетингі» ЖШС-нің бас директоры: «Біздің ұйым ұңғылардан люктің қақпағын ұрлау фактілеріне байланысты мәселеге тап болды. Соңғы екі жыл ішінде 173 қақпақ ұрланған. Шығын шамамен 2 миллион теңгені құрады. Біз құқық қорғау органдарына 17 рет өтініш білдірдік, бірақ нәтиже жоқ».

Люк жабынғысының ұрлануы өзекті мәселеге айналғаны соншалық, ұрылардың жолын кесу үшін жоспар жасалып жатыр. Еліміздің өзге аймақтарында орын алған олқылықтан сабақ алу керек дегендер, ұңғымалардың тереңдігі бес метрге жететінін жеткізді., Яғни, оқыста құлап кеткен жан көз жұматынын жасырмады. Су шаруашылығы мекемесінің мамандары полиция қызметкерлерінен қақпақ ұрлаушылардың ізіне түсіп, қатаң жазалауды сұранып отыр.

Бір қақпақтың құны шамамен 20 мың теңге. Ал темір қабылдайтындар бір келісін 70 теңгеге бағалайды. Мұны азсынған сұқ қолдылар, қалтасын ойлап, біреуін емес, бірнешеуін алып кетеді. Әсіресе, қала сыртындағы бейнабақылаусыз көшелер шұрық тесік болып қалады.

Назерке Үкібасова