Ж. Адырбеков көшесін кеңейту жұмыстары басталды. Құрылыс Ж. Алдияров және Т. Рысқұлов көшелерінің аралығында жүргізіледі. Ұзындығы 4 шақырымға жуық. Бұрын бұл жолдың ені бар болғаны 6 метр болса, кеңейтілген жол 14 метрді құрайды және төрт жолақты болады.
Сала мамандарының айтуынша мұнда заман талабына сай жаяу жүргінші жолы мен вело жолдар салынады. Құрылыстың құны 1,649 млн. теңге. Биыл мердігерлер соның 526 млн. теңгесін игеруі тиіс. Қалған қаражат 2020 жылы, ал 468 млн. теңгесі 2021 жылы игеріліп жол пайдалануға беріледі.
Бір өкініштісі, құрылыс барысында бірнеше ондағын түп көпжылдық ағаштарды кесуге тура келген. Шаһар басшылығы қырқылған ағаштардың орнына мердігерлер жаңа ағаш егіп береді деп сендірді. Себебі бұл жолды кеңейту көлік қатынасы үшін маңызы зор болып тұр.
Нұрлан Күдерұлы