Шымкенттегі қалалық кардиологиялық орталықта ем қабылдап жатқан науқас өзіне қол жұмсады. Бұл оқиға наурыз айының 16-нан 17-не қараған түні сағат 3:30 дар шамасында болған.

Оқиға басына мәйітті әкететін арнайы автокөлік пен жедел тергеу тобы келді. 62 жас шамасындағы қария аурухананың 3 — қабатынан құлап, мерт болған. Каридиологиялық орталықтың дәрігері суицид оқиғасы болмағандығын айтып, қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеп қоя берді.

Өзіне қол жұмсау оқиға бойынша Шымкент қалалық ПД арнайы сұраным хат жолданды. Шымкент қаласы ПД Баспасөз қызметі сұраным хатқа ешқандай ақпарат бере алмайтындарын жеткізіп, прокуратура тарапынан тыйым салынғанын хабарлады.

Ернар Балабеков